Мәселе

ЖСН көрсетпеген тұрғындарды тегін жер беру үшін таба алмай жатыр

  • ЖСН көрсетпеген тұрғындарды тегін жер беру үшін таба алмай жатыр

    ЖСН көрсетпеген тұрғындарды тегін жер беру үшін таба алмай жатыр

Таразда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеке тұрғын үй салу бағытындағы жұмыстар тоқтап қалды.

 

Жергілікті әкімдік мемлекеттік бағдарламаға деп бөлінген жер қорын пайдалана алмай отыр. Жоба басталғалы дәл осы бағыт бойынша санаулы адам баспаналы болған көрінеді. Қазір бұл жұмыстар мүлдем ілгерілемей тұр. Тіпті биылдыққа бір де бір үй тұрғызылмапты. Баспана мен жер кезегінде тұрған азаматтар саны күн санап артып барады. Жер кезегіне 10-15 жыл бұрын тұрып, кезегі жеткен тұрғындар заңды жерлерін ала алмай сенделіп жүр.

 

Жеке үй салу үшін бір ұлтарақ жерге қол жеткізе алмай жүргендердің бірі Эльнар Рысбекұлы. Қала тұрғыны 2011 жылы кезекке тұрған. Содан бері телімін күтіп телміріп жүр.

- 9 жылдан асты уже. 10-жылға аяқ басып жатырмыз. Осы қағазбен әлі жүрміз. Жер кезегіне білейік деп барсаң, сол қалай тұр сол бойы тұр ғой. Әлі ешкімге берілмеген. Кезек жылжымаған, - дейді қала тұрғыны Эльнар Рысбекұлы.

 

Қазір Таразда 2011 жылы емес, 2006 жылы кезекке тіркелгендер жер ала алмай жүр. Бүгінде 17 мың адамның кезегі келіп тұр. Бірақ берілетін жер жоқ. Заңға сәйкес инфрақұрылым тартылмай жер берілмейді. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін азаматтардың барлығы бірдей жоба шарттары мен талаптарына сәйкес келмейді.

 

- 11935 азаматқа хабарлама жібергенбіз. Оның ішінде тек ғана 488-і ғана қатысам деп өтініш берді. Оның ішінде тек 38 азаматты ғана Құрылыс жинақ банкі одобрить етті. Көбісі кезінде ИИН ештеңе көрсетпеген бізге. Көбісін таппай жатырмыз. Ал оны тастап кетіп келесіге неғылайық десек, прокуратура оған қарсылық, наразылық білдіреді. Аттап кетуге болмайды деп. Ол кісі алмайтын болса жазбаша түрде бізге ескерту керек, - дейді қалалық жер қатынастары бөлім басшысының уақытша м.а. Нұржан Бекежанов.

 

«Нұрлы жер» бағдарламасының жеке меншік құрылыс бағыты бойынша Тараз қаласының аумағынан 29 гектар жер бөлінген. Бірақ бұл жердің басым бөлігі бүгінде бос тұр. Жоба басталғалы бар-жоғы 47 үйдің құрылысы жүргізіліп, 20-сы ғана берілген. Ал жер мен үйге деген сұраныс артып барады.

 

- Бұл жерде 255 үйге бөлінген жер қорын біз бүгінгі күнге игере алмай отырмыз. Себебі бір шаршы метрге бөлінген 120 мың теңге жетпей жатыр. Егер сол бір шаршы метрге бөлінген қаржының көлемін ұлғайтса, бұл бағдарлама әрі қарай жүріп кетер еді деп есептейміз, - деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген Бибосынов.

 

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша бар мәселе мердігерлерге тіреліп тұрған көрінеді. Кезінде үйді салуға келіскен компаниялар жарты жолға келгенде құрылысты тоқтатып тастаған. Оны нарық бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Енді тараздықтар жер кезегін 15 жыл күтіп, баспанаға қол жеткіздім дегенде қымбатшылыққа ұрынатын түрі бар. Әкімдік өкілдері проблеманы бағаны көтеру арқылы шешпек. Олар жаңадан салынатын үйдің шаршы метрін 160 мың теңгеге көбейтуді ұсынып отыр. Айтуларынша, сонда ғана мердігерлер құрылысты жалғастыруға көнетін көрінеді. Бұған қатысты жұрттың пікірін де біліп көрдік.

 

Блиц:

1. 160 мың дегеніңіз өте қымбат. Халыққа қазіргі жағдайда өте қымбат. Тем более Таразға қиын.

2. 20 мың еді 1 квадрат метрі. Қазір енді 160 мың болатын болса, бұл біздердей қарапайым тұрғындарға өте тиімсіз.

 

Ал сарапшылар бір ғана бағаны көтерумен мәселе шешілмейді деп отыр. Қайта керісінше әлеуметтік қиындықтар туғызуы мүмкін.

 

- Нарықтық заманға өте жоғары бағамен қойылып жатыр. Енді «Нұрлы жер» бағдарламасымен мердігерлер үй салды. Бірақ енді халықтың мүмкіншілігі оны көтермейді. Сол бағаны төмендету керекпіз. Өзіңіз білесіз, біздің аймақта өзіміз дотациямен өмір сүріп жатқан аймақпыз. Вот соған да байланысты, - дейді сарапшы Ерғали Ахметов. 

 

Таразда жеке тұрғын үй салуға берілетін жер мәселесін бір жүйеге келтіру қажет. Бұл үлкен проблемаға айналып барады. Қалалық жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек облыс орталығында жер ауқымды көлемде 2003 жылы ғана берілген. Ол уақытта 1300 адам жер телімін алған көрінеді. Одан бері тек 2017 жылы ғана жер 400 адамға үлестірілген. Ал биыл Тараз қаласы бойынша бірде-бір адамға жер телімі берілмеген. Қазір кезекте тұрған адам саны 70 мыңнан асып барады.

24.kz

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31