Мәселе

Жүкті әйелдерге – 425 мың теңге: министр жаңа төлем туралы айтты

  • © Foto : пресс-служба Минздрава РК

    © Foto : пресс-служба Минздрава РК

Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов егер заң жобасына енгізілген өзгертулер қабылданса, онда жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленетінін растады. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.


Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында жүкті әйелдерге ең төменгі жалақының он еселенген мөлшері шамасында төлем төлеу туралы норма қарастырылған.


Сондай-ақ, Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.


"Өкінішке қарай, қазір азаматтар өз денсаулығына салғырт қарайды, көп жағдайда дәрігерлердің араласқанын күтеді. Бірақ, тым кеш болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан шаралардың дені профилактикаға, соның ішінде, вакцинацияға бағытталған", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.


Заң жобасында, тіпті, денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу де қарастырылған.


"Біз ана мен баланың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды жөн көрдік. Атап айтсақ, оларды дер кезінде есепке тұруға ынталандырғымыз келеді. Сондай-ақ, уақытында есепке тұрмайтын, дәрігерге қаралмайтын, екпеден бас тартатындар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсындық", - деді ведомство басшысы.


Қазір бұл ұсыныстардың барлығы талқыланып жатыр.


 




Көрілген: 2087    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31