Мәселе

Жұмыс беруші вакцина салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма

  • © AFP 2021 / ALFREDO ESTRELLA

    © AFP 2021 / ALFREDO ESTRELLA

Жұмыс берушінің вакцина салдырудан бас тартқан қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ, әйтсе де оны жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттете алады.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов электронды үкімет порталында қолданушының сұрағына осылай деп жауап берді.

 

Министрдің айтуынша, жұмыс беруші:

 

a) COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмысшыға қашықтан жұмыс істеуге ауысуды ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда);

 

b) қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан немесе жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда – Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттетуге құқылы. Жұмыс беруші уақытша шеттетілген қызметкердің орнына басқа адамды ала алады.

 

c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмыс орнына барып істеуге ниет білдірсе, жұмысшы өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен қатар тараптардың келісімімен міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің есебінен жүргізілуі мүмкін.

 

Осылайша жұмыс беруші қызметкерді вакцинадан бас тартқаны үшін жұмыстан шығара алмайды.

 

Өз еңбек құқықтарын қорғау үшін қызметкерлер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы басқармасына өтініш жазуға құқылы.

 

Серік Шәпкенов "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық процедура, соның ішінде вакцинация да, екпе алатын адамның келісімімен ғана жүргізілетінін еске салды.

 

Қазақстан заңнамасында вакцина алудан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

 

Сонымен қатар, Денсаулық туралы кодекстің 104-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі және (немесе) Қазақстанның бүкіл аумағында таралу қаупі төнген жағдайда, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері ЕАЭО-ның кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінде немесе елдің бүкіл аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын, соның ішінде карантин енгізеді.

 

Осыған байланысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулы қабылдады. №67 қаулының 6-1-тармағына сәйкес: 1) қаулыда көрсетілген ұйымдар/нысандарда COVID-19-ға қарсы вакцина салғызбаған жұмысшыларды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдарды қоспағанда) жұмысқа кіргізуге шектеу; 2) қолданыстағы қаулының 6-1 тармағы 1-тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған жұмысшылары үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) енгізілді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1846    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 17:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30