Мәселе

Жұмыспен қамту орталығы «жұмыс көп» дейді

  • Жұмыспен қамту орталығы «жұмыс көп» дейді

    Жұмыспен қамту орталығы «жұмыс көп» дейді

Ал, жұмыспен қамту орталығы жастар үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 5 бағытта жұмыс жүзеге асырылып жатқанын алға тартады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Жоғары білімі бар азаматтар үшін жастар тәжірибесі бағдарламасы қарастырылса, қолында тек мектеп аттестаты бар жастар нарықта сұранысы жоғары мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға қатыса алады дейді.


«Біз базарларға үгіт-насихат жүргіземіз. Бірақ базарларда жас мамандар өздерінің мамандық бойынша жұмыс таппай отырғандарын айтады. Өйткені біздің базамыз ондай ақпарат бере алмайды. Бізге жүгінген жұмыссыздармен біз жұмыс жасаймыз», – дейді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы мониторинг бөлімінің маманы Мейіржан ҚОЙЛЫБАЕВ.


Бұдан бөлек, жастар әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмысқа уақытша қызметке тұруға жолдама алу мүмкіндігіне ие. Кәсіби білімі жоқ 9-11 сынып түлектері техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша білім ала алады. Жыл басынан бері орталық көмегіне 29 жасқа дейінгі 15 мыңнан азамат жүгінген. Соның ішінде жұмыссыз ретінде 3 мыңы тіркелген. Ал, қызметпен қамтылған жастар саны 10 мыңнан асады.


Almaty.tv


 




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 20:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31