Мәселе

«Жұмыссыз отырған әйелдерге ай сайын жәрдемақы төленеді» – министрлік

  • «Жұмыссыз отырған әйелдерге ай сайын жәрдемақы төленеді» – министрлік

    «Жұмыссыз отырған әйелдерге ай сайын жәрдемақы төленеді» – министрлік

Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін арттырыла отырып, баланың туу кезектілігіне байланысты төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов бала күтіміне байланысты декретте отырған әйелдерге қанша жәрдемақы төленетінін атап өтті деп жазады BAQ.KZ.

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төлеу қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін арттырыла отырып, баланың туу кезектілігіне байланысты төленеді. 2020 жылы аталған жәрдемақыны 120,9 мың адам жалпы сомасы 31,7 млрд теңгеге алды. 2021 жылға 26,2 млрд теңге қарастырылған, оның 6,8 млрд теңгесі төленді, – деді Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры.

Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан берілетін жәрдемақы енгізілгенін атап өтті.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған. Биылғы жылдың 6 айында бұл жәрдемақыны орта есеппен 141 млрд теңге сомаға 458,9 мың отбасы алды. Көпбалалы аналардың абыройы мен беделін арттыру үшін «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 18 669 теңгені құрайды, оны 230,3 мың адам алады, жыл басынан бері оларға 25,8 млрд теңге төленді, - деді Асқар Ниязов.

 




Көрілген: 614    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30