Мәселе

«Жұмыста қалу үшін міндетті түрде басшылармен жату керек пе?» - Айгүл Орынбек

  • Фото: Хабар 24

    Фото: Хабар 24

Белгілі құқық қорғаушы, Президент жанындағы Ұлттық қауіпсіздік сенім кеңесінің белсенді мүшесі Айгүл Орынбек facebook парақшасына Атырау облысының Полиция департаментінде басшысы қарамағындағы қызға қорлық көрсеткенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

 

«Атырау облысының Полиция департаментінде жұмыс жасаған қыз көмек сұрайды. Қыздың аты-жөні – Динара Болат. Басшысы жұмыс барысында ұятты жерлерін ұстап, қызға қол жүгірткен. Қыз қарсылық білдірген соң, қудалауға ұшырап жатыр екен.

 

Қыздардың құқығын қорғайды деген полиция қызметкерлері қыздарымызды қорлап жатса, басқалар не істемейді? Сонда жұмыста қалу үшін міндетті түрде басшымен төсектес болу керек пе? Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз өзі?» - деп қынжылды заңгер.

 

Оның айтуынша, бұл постын жазуына жәбірленушімен тікелей байланысқа шыға алмай отырғаны себеп болыпты. Адамдар «Айгүл, мына қазақтың қызына көмек бер» деп жан-жақтан байланысқа шығып жатқан көрінеді.

 

«Министр Ерлан Тұрғымбаев, қоғамды емес, бірінші өз қызметкерлеріңізді тәрбиелеп алғаныңыз жөн-ау! Нұрділдә Ораз, қазақ қыздарын кім қорғайды? Атырау прокуратурасының назарына, Жанболат Туғанбаев, Динара Болатты өз қорғауларыңызға алуларыңызды сұраймын», - деді ол жазба соңында, аталған азаматтар мен мекемені тегтей отырып.

 

Сондай-ақ, «Құрметті журналистер, назарға алыңыздар!» деп, жазба астына жәбірленген қыздың facebok парақшасын да салды.

 

Ал Динара Болат өз парақшасына: Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Сізден әділдік пен қорғаныш сұрап жазып отырмын. Менің өміріме қазіргі уақытта қауіп төніп отыр. Төмендегі бейнежазбада көрінеді. Полиция демартаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.К. Оразбаев үйіме өзіне бағынышты құрылым қызмет басшыларын (Экстремизм іс-қимылға қарсы басқармасының бастығы А. Мендіғалиевты) және басқа да қызметкерлерін жіберіп, мазамды алып жатыр. Сол себептен, Ерлан Заманбекұлы, маған шұғыл түрде көмек беруіңізді сұраймын!» - деп Ішкі істер министрінен тікелей көмек сұрап, оқиға барысынан екі бейнефакт жүктеді. Парақшасында көмекке мұқтаж қыздың одан өзге де арыз-шағымы бар.

 

 




Көрілген: 841    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 15:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31