Мәселе

Жұмыста қос аяғынан айырылған павлодарлық әйел сотта жеңіп шықты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Павлодарлық көлік жуу қызметкері Валентина Найдина жұмыс орнында ауыр жарақат алып, салдырнан аяғынан айырылғанын сотта дәлелдеп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Павлодар қалалық соты көлік жуу иесі мен Найдина арасындағы еңбек қатынасы 2016 жылдың 26 қазанында басталғанын растады. Және осы күн еңбек келісімшартында көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар сот Найдинаның атынан келіп түскен қуынымды қарау барысында Павлодар прокуроры және Павлодар облыстық Еңбек басқармасына қатысты жұмыс беруші тарапынан еңбек ету заңнамасын бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарды.

 

"Еңбек қатынасы фактісі жәбірленушінің көлік жуу аумағында жарақат алуымен ғана емес, сондай-ақ, ондағы келушілер, бұрынғы қызметкерлердің куә болуымен және ұсынылған бейнежазба арқылы да дәлелденіп отыр. Куәгерлердің айтуынша, Найдина көлік жууда бейресми түрде жұмыс істеген және олардың ешқайсысы ол жұмыс істемеді деген түсінік бермеген. Еңбек қатынасы фактісі қылмыстық іс материалдары және оқыс оқиға фактісі бойынша да дәлелденіп отыр", - деді Павлодар қалалық сотының судьясы Айгүл Хамитова.

 

Хабарламада айтылғандай, сот процесі кезінде көлік жуу иесі істің соңына дейін қызметкердің ол жерде жұмыс істегенін жоққа шығарған. Оның айтуынша зардап шегуші әйел қаржылық пайда табу мақсатында сотқа жүгінген. Және кәсіпкер Найдинаны оқыс оқиға орын алған сәтте бірінші көргенін алға тартты. Осыдан соң зардап шегуші жылап жіберген.

 

Еске сала кетсек, өткен жылдың 31 қазан күні Павлодардағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан көлік жуу орталығының ғимаратында мас күйде болған орталық қызметкері көлікті алға жылжытпақ болып, орталықтың тағы бір қызметкерін – 31 жастағы әйелді қабырғаға жанжыған болатын. Салдарынан ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды.

 

 




Көрілген: 1278    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 02:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30