Жұмыстан қуылған тәртіп сақшысы БҚО полиция басқармасының үстінен шағымданды

01 наурыз 2022, 16:11

Құқық қорғау органдарынан қуылған қызметкердің БҚО полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығын айыптаған жазбасы жарияланды. Шағымға қатысты өңірлік ПД пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жұмыстан шығарылған қызметкер өзінің жазбасын "Полициядағы бассыздық" деп атап, БҚО ПД ішкі қауіпсіздің басқармасының басшысын айыптаған.

 

"ІІМ бірнеше рет нұсқау бергеніне қарамастан, ол ішімдік ішетін орындардан суреттерді жариялады. Ол ашықтан-ашық жалған нөмірлері бар көліктерге мініп, өзінің құрдымға кетпейтініне сенімді болып, соның бәрін әлеуметтік желіде жалпақ жүртқа көрсетіп отырды", - дейді жазба авторы.

 

Осы ретте, ер адам бірнеше мәрте Ішкі істер минитрлігі мен полиция департаментінің басшылығына жүгінгенін хабарлады.

 

"Ол бұл суреттер ме видеоны өшірді, содан кейін тынышталып қалды. Бұлай істеуге рұқсат па еді? Оның тірегі мықты секілді. Мені әлеуеметтік желідегі бір жазба үшін жұмыстан шығарып жібергенін есепке алмағанда, бұл қалыпты сияқты", - дейді бұрынғы полиция қызметкері.

 

Батыс Қазақстан облысы ПД хабарлауынша, қазір ПД ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығына қатысты ІІМ ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.