Мәселе

Жұмыстан қысқарғанда бір-ақ білген: Ақтөбеде мұнайшылар қытайлық инвесторға алданып қалған

  • Жұмыстан қысқарғанда бір-ақ білген: Ақтөбеде мұнайшылар қытайлық инвесторға алданып қалған

    Жұмыстан қысқарғанда бір-ақ білген: Ақтөбеде мұнайшылар қытайлық инвесторға алданып қалған

Ақтөбеде вахталық әдіспен барып-келіп жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары наразылық білдірді. Мұнайшылардың айтуларынша, "СИНОПЭК" атты қытайлық ірі корпорация 100-ге жуық жұмысшыны еш ескертусіз жұмыстан қысқартқанымен қоймай, бірнеше жыл алдап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

“Қанша адамның денсаулығына зиян келгеніне қарамай, тек аз ақша ғана төлеп, жұмыстан шығарып жатыр. Аса ауыр, аса зиян болғандықтан, компания тарапынан бес пайыз төленеді, осыны кейбір жұмысшыларға төлемей келген. Оны жұмысшылар байқамаған, оны шығарылып жатқанда біліп жатыр”, – дейді Ернар Қажыбай.

 
Қытайлық инвестордың өзерін алдағаннан мұнайшылар жаппай жұмыстан қысқарып қалғанда бір-ақ білген. Алданған жұмысшылар 5-6 жыл еңбек демалысына шықпай істеген. Табысы миллиардтап саналатын мұнай корпорациясы ол заңды ақшасын төлемеген. Маңдай тер ақысын даулаған жігіттер қытайлық инвестормен кездесуге Алматыдағы бас кеңсесіне келген.

Алайда жұмыс беруші жағдайды түсіндірмеген, сөйлесуге кіргізбей қойған. Компанияның Ақтөбедегі филиалы да қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. 60-қа жуық мұнайшы заң орындарына шағымданып, қытайлық инвесторға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

“Жұмыстан босатқаны заңды ма, заңсыз ба, сосын екінші сұрақ, бізге төлеген төлемдер көлемі аз болды, толық емес дейді. Сол екі сұрақты анықтау үшін біз ол мекемеде тексеріс жүргіземіз, жоспардан тыс. Жалақысы дұрыс төленбеген болса, айыппұл болуы мүмкін”, – дейді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Талғат Есқарин.




Көрілген: 1642    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 02:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30