Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Журналистердi соққыға жығып кеттi

19 сәуір 2011, 18:08

Бiшкекте алдыңғы күнi түнде «Московский комсомолец – Кыргызстан» газетiнiң бас редакторы Ұлықбек  Бабақұлов пен тiлшi Елена Агееваны белгiсiз бiреулер соққыға жығып, ұялы телефондарын, ақшасын және киiмдерiн тартып алған.
Қырғыз iшкi iстер департаментi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Бақыт Сейiтовтың айтуына қарағанда, соққыға жығылған тiлшi жұмысқа шыға алмай, үйiнде емделуде. Ал басынан ауыр жарақат алған бас редактор емханада емделiп жатыр. Бұл әрекет олардың кәсiби қызметтерiне ешқандай қатысы жоқ деп мәлiмдендi. Неге екенi белгiсiз, редакция оқиғаға байланысты ешқандай түсiнiк бермей отыр. Оқиғаға  байланысты қылмыстық iс қозғалды.
Бұл – Қырғызда осы айдың iшiнде журналистерге қатысты жасалған үшiншi қылмыстық оқиға. Наурыз айының басында белгiсiз жастар Бiшкек қаласының орталығында «Репортер – Бишкек» газетiнiң журналисi Сырғақ Әбдiлдаевты соққыға жықса, шамамен бiр апта өткеннен кейiн Ошта жергiлiктi телекомпанияның операторын ұрып-соғып, тонап кеткен.