Журналистке қол жұмсаған экс-депутат Бекболат Тілеухан сотқа келмеді

17 қаңтар 2022, 20:23

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Айнұр Қоскинаға қатысты іс бойынша сотқа келмеді деп хабарлайды orda.kz.

 

«Менің экс-мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты арызым бойынша сот отырысы 19 қаңтарға шегерілді. Оған себеп – Тілеуханның өзінің ішкі істер бөліміне келмеуі. Оның адвокаты алдымен емделіп жатқанын айтты, кейін ол қала сыртында екенін түсіндірді. Хаттама жасаған инспектор науқастанып, басқа қалаға кеткен. Отырыс кейінге шегерілді, өйткені жазаның бірі әкімшілік қамауға алу болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде жауапқа тартылатын адамның қатысуы міндетті» деді журналист Facebook парақшасында.

 

Еске салсақ, Тілеухан Қоскинаның көп әйел алуға деген көзқарасы туралы сұрағына агрессивті түрде жауап берген болатын.

 

Журналистің айтуынша, экс-депутат оның қолындағы ұялы телефонын тартып алмақ болып, штативін сындырып, лифт ішінде басынан ұрған. 

 

Осыдан кейін Коскина полицияға журналистің қызметіне кедергі жасау фактісі бойынша шағым түсірген.