Жұрт әлі де шағым айтуда: министрлік жалған аккаунтқа қатысты түсініктеме берді
Жалған парақшада жарияланған суреттер Біртановтың денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде түсірілген. Instagram әлеуметтік желісінде @minzdrav_rkz атпен тіркелген аккаунт денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аталған ведомство ресми түрде осындай ақпарат таратты.
Денсаулық сақтау министрлігінде Instagram-да бір ғана ресми парақша бар. Ол &ndash@healthcare.gov.kz деген атаумен тіркелген.
"@мinzdrav_rkz парақшасы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аккаунт қолданушысы ретінде @doctor_gereeva_ көрсетілгендіктен, біз бұл адамды оның иесі деп санаймыз", &ndash делінген министрлік хабарламасында.
Бұл мәселеге қатысты үн қосқан stopfake.kz сайты жалған парақшада бас-аяғы 26 пост бар екенін мәлімдеді.
"Оның барлығы бір күнде &ndash 2017 жылдың 15 тамызында жарияланған", &ndash делінген ақпаратта.
Ал жарияланған суреттерде көрінетін Елжан Біртанов сол кезде денсаулық сақтау министрі болатын.