Мәселе

Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады

  • Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады

    Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады

Адамзатты әбігерге салған COVID-19 індеті бәсеңдемей тұр. Бүгінде әлемде қауіпті вирусты 111 миллион адам жұқтырды, 2,5 миллионнан астамы қайтыс болды. Қазақстанда пандемия басталғалы індетке шалдыққандар саны 207 мыңнан асқан
Бір жыл уақыт өтсе де, әлем дәрігерлері коронавирустың емін таба алмай әлек. Десе де, қуанышты жаңалық та жоқ емес. Бірнеше ел COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеп шығарды. Қазір коронавирусқа қарсы вакциналау біраз мемлекетте жүріп жатыр, оның ішінде Қазақстан да бар.

Елде вакцинация 1 ақпанда басталды. Вакциналау науқаны туралы әңгіме басталғалы бері қазақстандықтардың көбі үрей құшағында. Дені екпе салдырғаннан гөрі, ауырып шыққан артық деп санайды. Мұның астарында халықтың билікке деген күмәні мен сенімсіздігі жатыр. Бұған негіз де жоқ емес.

"Спутник V" вакцинасын егу науқаны жиырма күн бұрын басталды. Бірақ, неге екені белгісіз, министрлер мен депутаттар бұл вакцинаны салдыруға асығар емес. Мәжіліске қайта оралған Дариға Назарбаеваның 3 ақпан күні "әрине, мен "Спутник V" вакцинасын салдырамын, сіздерге де кеңес беремін" деп айтқаны естеріңізде шығар. Екі жұмадан аса уақыт өтті, депутат ханымның екпе алып-алмағаны әлі күнге дейін белгісіз. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazCovid-In вакцинасының қорытындысын күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Спутник V вакцинасын әзірлеуге қатысқан қазақ жайлы не білеміз

Осы орайда халықты вакциналауға үндеп отырған билік неге өзі бірінші болып үлгі көрсетпейді деген орынды сұрақ туады. Екпе ектіруге батылы жетпей жүрген атқамінерлерді көргенде, қарапайым халықтың қорқынышы мен күдік-күмәнін түсінгендей боласың. Бұл бір.

Екіншіден, коронавирусқа қарсы вакциналар жайлы ақпарат тапшы. Мәселен, қазақстандық QazCovid-In вакцинасы. Отандық препараттың ресейлік "Спутник", я да Pfizer, Moderna вакциналарынан айырмашылығы, тиімділігі, құрамы, дайындалу әдісі туралы мағлұмат жоқтың қасы. Адамдарда вакциналарды өздігінен зерттеп-зерделеп, өз еркімен саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі жоқ. Қазақстандықтар отандық вакцинаның наурыз айына қарай шығатынынан ғана хабардар. Сол себепті вакцинаны әзірлеушілер халыққа барынша ашық болып, екпе жайлы толық мәлімет ұсынғаны жөн.

Үшіншіден, коронавирусқа қарсы вакциналардың өте қысқа мерзімде дайын болуы. Әдетте, ғалымдардың айтуынша, бір вакцинаны әзірлеп, сынақтың барлық түрінен өткізуге кемінде бес-алты жыл қажет. Ал COVID-19-ға қарсы вакциналар бір жылға жетпейтін уақытта дайындалды. Ресей "Спутник V" вакцинасын клиникалық сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып, тіркеп жіберді. Жалпы, қазір бірде-бір вакцина сынақтың үшінші кезеңінен толық өтіп бітпеген.

Бір жағынан, мұндай асығыстықтың себебі коронавирусты тез арада тоқтату екені түсінікті. Екінші жағынан, алпауыт елдер арасында қазір вакцина соғысы жүріп жатыр. Пандемиядан бүкіл саланың тұралап, дағдарысқа түскенін ескерсек, вакцина өндірісімен пайда табу кез келген ел үшін тығырықтан шығудың бір жолы.




Көрілген: 1816    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 21:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30