Мәселе

Жұрт тамақты да несиеге алып жейтін күйге жетті

  • Жұрт тамақты да несиеге алып жейтін күйге жетті

    Жұрт тамақты да несиеге алып жейтін күйге жетті

Қазіргі күндері Қазақстанда тұтынушылық несие алушылар қатары артып тұр. Бұл жөнінде ресми түрде жарияланды. 


Биылғы жылдың үш айында ғана жұрт банктерден 560 миллион теңге несие алыпты. Соның басым бөлігі той-томалақ пен ас беру үшін алынған екен. 


Мұнымен қатар елде азық-түлік бағасы 9 пайызға қымбаттап отыр, инфляция бар. Жұрт күнкөріс үшін несие алуға көшті. Киім, азық-түлік алуға, тіпті дәмханада түстік ас ішуге де несие алады. Ал банктер қарыз алушының оны қайтаруға мүмкіндігі бар ма, жоқ па, оған қарамайды, сұраған жанға ешқандай кепілсіз, не мақсатқа жұмсайтынын сұрамастан бере салады. Өйткені олар осыдан қыруар пайда тауып отыр. Бір адам 50 мың теңге қарыз алса, оны бір-екі айдың ішінде 100 мың теңге етіп қайтаруы керек. Қайтара алмай қалса, үлкен айыппұл салып, қарызға одан бетер батырады, өлдім дегеніне қарамайды, ақшасын еселеп өндіріп алады. 


Бүгінде банктерден бөлек, шағын несиелік ұйымдар да қаптап кетті. Олардың қызықтырып, шақырған жарнамасын телеарнадан, әлеуметтік желіден, көшеден, қоғамдық көліктен көресің. Қарызға белшесінен батқан бейбақтарды олар да сүлікше сорып жатыр. 


Бұл деген сұмдық қой! Осындай аяқ-қолы несиемен шырмалған сіңірі шыққан кедейлер көбейіп жатыр. Біреулері тығырықтан шыға алмай жынды болып, өліп кетіп те жатыр. Бұл аса қауіпті әлеуметтік келеңсіздік неге ырықталмайды, неге бетімен жіберіліп отыр? 


Өзгеден қарыз сұрауды ар көретін қазақтың бетінде бүгін қытық, бойында намыс қалмай барады. Оның орнын «қатардан қалмау керек» деген жалған намыс, тұрмыс тауқыметі батпандап басып тұр. Мұның соңы қайда апарады? Басшы азаматтар-ау, бір амалын қарастырсаңдаршы! 


Т. ТҰРАН.


www.zamana.kz




Көрілген: 1070    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 22:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30