Мәселе

Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды

  • Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды

    Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов Мәскеудегі Ваганьково зиратындағы ортақ қабірге жерленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің Павлодардың мұрағат қызметкерлеріне қайтарған жауабында айтылады.

Әкімдіктің мәліметінше, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері беймәлім болып келді. "РФ ФҚҚ-ның ресми жауабына қарағанда, ол мемлекеттік саясат бөлімі алқасының шешімімен ең жоғары жазаға кесілген, ол 1930 жылдың 21 сәуірінде орындалған. Осы хатта Жүсіпбек Аймауытовтың Мәскеудегі Ваганьково зиратында ортақ қабірге жерленді деуге негіз бар екені көрсетіледі", - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов. "Мұрағат құжаттарында атақты қазақ классигінің қуғын-сүргінге ұшырағаны және 1930 жылы атылғаны айтылады. Ал сүйегінің қай жерде жатқанын ешкім ешқашан анықтаған емес", - дейді ол.
2014 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толғанын айта кету керек. Алдағы күзде Павлодардағы Аймауытов атындағы драма театрдың алдында оның ескерткіші қойылады. Сонымен бірге, Асқар Жалдинов дарынды жазушының жерленген жеріне құлыптас орнатылатынын хабарлады. "Қазір бұл мәселе Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен бірге қарастырылып жатыр, бұл жұмысқа Мәскеудегі қазақтар қоғамдастығын да жұмылдырамыз", - дейді Жалдинов. Павлодар облысының әкімдігі драматургтың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері үшін Аймауытовтың басына сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.




Көрілген: 1725    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.07.2014, 15:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қаңтар, 23:37
    Ақшаның азабы
    28 Желтоқсан 2021
    Өмірді жалмаған селфи

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31