Мәселе

"Жуынғанда лоқсып тұрамыз": Түркістан облысында 30 мыңнан аса тұрғын ауыз суға зәр болып отыр

  • "Жуынғанда лоқсып тұрамыз": Түркістан облысында 30 мыңнан аса тұрғын ауыз суға зәр болып отыр

Түркістан облысы Шардара қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны шіріген дәмі бар ауыз су ішіп отырғандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы. 

Тұрғындар ауыз суды сатып алуға немесе 75 көп қабатты үйді қамтамасыз ететін су таситын көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. 
Қалаға су құбыры тартылғанымен, кәріздің иісінен крандағы суды пайдалану мүмкін емес.

"Балық шіріп кеткендейі иіс шығады. Жуынған соң үстіңнен де осындай иіс шығады. Тіс тазалағанда лоқсып тұрамыз," - дейді тұрғындардың бірі Зылиха Тәшімбетова.

Шардара қоймасындағы су деңгейі құбырлардан төмен жатыр. Суды сүзгіден өткізетін станция жабылудың аз-ақ алдында тұр. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген станцияның қуаты көп қабатты тұрғын үйлер мен жергілікті ауруханаға су беруге қауқарсыз.

Ауруханадағылар суды тек техникалық мақсатта пайдаланатындарын айтты. Ауыз су мұнда әкімдік тапсырмасы бойынша жеткізіледі.

Қуаңшылық салдарынан қоймадағы су фермерлер арасында бөлінген. Қала тұрғындарына су жетпей жатыр.

"Қазіргі күні қоймада 667 миллион текше су бар. Мұндай жағдай 40 жылда бірінші рет болып тұр. Су деңгейі биыл айтарлықтай төмен, алайда ақырындап толып келеді", - дейді су қоймасының инженері Бақыт Құлманов.

Қазіргі күні облыс су бөлу туралы Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде. Алайда көршілер тек қараша айынан кейін ғана көмектесе алады.

Сонымен қатар мәселені шешу үшін Келес өзенінен Шардараға су жіберу жұмыстары қолға алынды.




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 12:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31