Маңғыстаудағы облыс орталығынан 200 шақырым шалғай жатқан Жарма ауылын құм басып барады, деп хабарлайды Atameken Business.
Мал шаруашылығымен жан бағып отырған ауыл тұрғындары ертеңгі күндеріне аса алаңдаулы. 60-шы жылдары құм тұрғын үйлерден 300 шақырым қашықта болған.
Бірақ бүгінде қуаңшылық пен қатты желдің салдарынан баспаналарынан бөлек, мал қоралары да құмның астында қалған.
Жауаптылар болса, "мәселені шешуге ақша бар, бірақ жұмысты қолға алатын мердігер жоқ" дейді.
Құм көшін тоқтату мүмкін бе?