Мәселе

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген

  • Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген

    Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген. Олардан сақтандыру қорына түскен қаражат мөлшері шамамен 2 млн 317 мың теңгені құрап отыр.


Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге де әлеуметтік төлемерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген.Хабарламаға сүйенсек, мамыр айының басында Қорға 168 млрд теңге жинақталған. Оның басым бөлігі жұмыс берушілерге тиесілі. Жарна төлеу жағынан Алматы бұрынғыша көш бастап тұр. Қорға түскен қаржының 38 млрд теңгесі оңтүстік астаналықтардың еншісінде.«Биыл жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеп жатыр. Заң бойынша, әр жұмыскердің атына оның табысының 1,5% мөлшерінде аударым жасалады. Төлем жұмыс берушінің өз есебінен төленуі тиіс. Жеке кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар жарна аудару міндетінен босатылған. Бұл санаттағылар жүйеге қаржы аударуды 2020 жылдан бастайды», - дейді МСҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев.Атап айтқанда, жұмыскерлер келер жылдан бастап табысының 1%, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар табыстың 1% сақтандыру қорына аударады. Ал, мемлекет 15 санатқа жататын 10 миллионға жуық адамды сақтандыратын болады. 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30