Мәселе

Жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен қанша педофил қамалғаны белгілі болды

  • Жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен қанша педофил қамалғаны белгілі болды

    Жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен қанша педофил қамалғаны белгілі болды

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысында прокуратура органдарының 2021 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмысы қорытындыланды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Биыл прокуратура органдары мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғау, қылмысқа қарсы күрестің алдын алу, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 11 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. 405 мың жұмыскердің пайдасына 3,4 млрд теңге жалақы берешегі өндірілді, - делінген хабарламада.
Мобильдік топтар 70 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын бұзудың жолын кесіп, 26 млн теңгеден астам сомаға 29 мың әкімшілік өндірістің күшін жойды.

Қылмыстық заңнаманы қатаңдату нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылғандардың саны 106-дан 473-ке дейін, яғни 4,5 есеге ұлғайды, кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету істері бойынша барлық 113 педофил түзеу мекемелеріне қамалды.

Қылмыстық процесте тергеудегі прокурорлық қадағалаудың сапасын арттыруға аса назар аударылды.

Ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтар мен бизнес құқықтарының бұзылуына жедел ден қою үшін цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажет, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар Ғизат Нұрдәулетов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын бақылау, дәрі-дәрмекпен, медициналық қамтамасыз ету, жер заңнамасын сақтау жөніндегі Президенттің тапсырмаларын сапалы орындау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсу себептеріне талдау жүргізуге бағдар берді.

BAQ.KZ




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31