Мәселе

Қала әкімі көпқабатты тұрғын үй құрылысы нысандарының сапасын тексерді

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі жұмыс сапарында Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

 

№1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер 9 қабаттан, 216 пәтерден тұрады. Пәтерлердің жалпы аумағы 14 074 шаршы метрді құрайды. Мердігер мекемелер – «Югстройсервис-Н» ЖШС және «Орион ЛТД» ЖШС.

 

1 бөлмелі пәтерлердің аумағы 45-49 шаршы метр (72 пәтер), 2 бөлмелілер 62-66 шаршы метр (72 пәтер), 3 бөлмелілер 77-82 шаршы метр (72 пәтер) аралығында. Тұрғын үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы арқылы кредиттік негізде үлестіріледі.

 

Әкім мердігер мекемелердің басшыларымен сөйлесіп, туындап жатқан мәселелерді ортаға салды.

 

«Әрбір үйді салып жатқан кезде осы үйде өзім немесе туысым тұруы мүмкін деген оймен салыну керек. Алдағы аптада тағы да келіп мәселелердің шешілгенін көретін боламын. Бұған өзіңіз тікелей жауапты боласыз» деп құрылыс басқармасының басшысына жүктеген қала әкімі үйлердің санымен қатар сапасы да басты назарда болу керектігін алға тартты.

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 22:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30