Қала сыртына қатынайтын автобустар ертең жолға шығады

11 қаңтар 2022, 18:11

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың сөзінше, мегаполис сыртына қатынайтын қоғамдық көлік 9:00-ден 18:00-ге дейін жолаушы тасымалдайды.

 

Бірақ қашық орналасқан ауылдар мен қалаларға әзірше автобуспен бару мүмкін емес.

 

Әкімдік өкілдері Kolesa.kz редакциясына Қаскелең мен Талғардан келетін автобустар шектеусіз жүретінін айтты.

 

Ал Талдықорғаннан Алматыға бет алған тұрғындар коменданттық сағат күшіне енгенше оңтүстік астанаға жетіп үлгеруі керек, 23:00-ден 7:00-ге дейін олар қала аумағына кіре алмайды.

 

 

kolesa.kz