Мәселе

Кәмпит ішінде өріп жүрген құрттар елді шошытты (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

"Ауру - астан" дейтін халықтың назары әлеуметтік желілердегі азық-түліктердің ішінен шыққан түсініксіз ақ түйіршіктер мен құрттар жайлы түсірілген видеоларға ауды деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Мәселен, "Рахат" кәмпиті мен "Ассам" шайының ішінен шыққан беймәлім ақ түйіршік пен тірі құрттар көпшіліктің жағасын ұстатты.

"Мына "Ассам" шайы Алматыдан шыққан. Қызық үшін ішінде не бар екен деп ашып қарап едім. Міне, көріңіздер, қараңыздар! Ішінен мынадай ақ түйіршіктер шықты. Құдай білсін қандай зат екенін, химия ма ол? Осындай бірдеңелерді ішіп жатырмыз әйтеуір, сақ болайық! Пакеттегі шайды қою керек боп тұр", - деді видео авторы.

Ал келесі бір видео-жазбаның иесі болса, "Мика, Роза, Гүлшат, Әсел, қараңыздар, мынадай кәмпиттерді жемеңіздер! Біз жаңа ғана сатып алғанбыз. Қараңыздар, ішінен не шыққанын! Міне, "Рахат" кәмпиттері", - деп үстел үстінде шашылып, жайлып тұрған шоколадты тәттілердің арасында әрі-бері қозғалып, өріп жүрген ақ құрттарды көрсетті.

Сондай-ақ, видео-жазба авторы сөзін түйіндей келе, "Сұмдық, масқара ғой мынау! Мен, тіптен, 20 шақтысын жеп қойған шығармын!" - деді.


 




Көрілген: 3761    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 22:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30