Мәселе

Қандалаға таланған тараздықтардың жанайқайы

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Таразда көпқабатты үйдің тұрғындары қандалаға таланып тұруға мәжбүр. Себебі қала орталығындағы үйді зиянды жәндіктердің бірнеше түрі басып кеткен. Ал, жатақхана типтес үйде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар тұратын көрінеді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Мерей Баеттің сюжетінде.

 

Орталықтағы Төле би көшесінде орналасқан Таразда көпқабатты үйдің тұрғындары қандалаға таланып 4 пен 8-үй тұрғындарының түн ұйқысы осылайша төртке бөлінген. Жәндік шағып, жанға батқан соң жиылып арызын жеткізуге тура келіпті. Ескі үйді басқан жәндіктерді жоюға тұрғындардың жағдайы жоқ. Себебі бұрын жатақхана болған бұл үйде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады.

 

«Қандала, тарақан, тышқан деген былай. Тышқан масқара. Мазақ қылады. 5-қабатқа этажға қалай шығады десеңізші. Сенбесеңіз қап-қап ұнымды қалай тескенін көрсетейін», – деді қала тұрғыны Гүлжәмилә Қыпшақбаева.

 

Тұрғындар жергілікті биліктен баспасын жөндеп, шатырын бүтіндеп беруді сұрайды. Себебі төбеден аққан су қабырғаларды жарып, кірпішін мүжіген. Салдарынан ортақ әжетхана апатты жағдайда.

 

«Дәретхананың түрі анау. Шіріп жатыр, жақында құлайды. Бір күн болмаса, бір күні біреу өледі бетонның астында қалып», – деді қала тұрғыны Мария Меңдіқұлова.

 

Ал, облыстық ветеринария басқармасы жағдайдан хабарсыз. Қан соратын жәндіктермен мүлдем айналыспаймыз деп ат тонын ала қашты. Тіпті, шағымның да болмағанын айтуда.

 

«Тараз қаласы тұрғындарынан ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Қанданы жою бойынша Төле би көшесіндегі жатақханаға ешқандай қаражат бөлінбейді», – деді Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының басшысы Талғат Қожаберген.

 

Қандаладан қашып, үстел үстінде ұйықтап жүрген тұрғындар балалардың денсаулығына алаңдаулы. Ал, әкімдік өкілі кінә тұрғындардың өздерінен дейді. 2012 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеуден өткен үйді күтіп ұстамаған-мыс. Енді кезектің қашан келері де белгісіз.

 

 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 19:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31