Мәселе

Қандай жағдайда далада маска тақпауға болады?

  • http://www.dailynews.kz/

    http://www.dailynews.kz/

Ақтөбеде маска тағу нормаларына қатысты қызу пікірталас басталды. Жергілікті тұрғындарға бұдан былай көшеде бетпердемен жүру талап етілетіні ескертілмеген болып шықты. Осыған байланысты "Диапазон" газеті Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаевадан жаңа қаулыны түсіндіріп беруді сұрады.

 

Маман Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 26 ​​маусымдағы қаулысына сәйкес, масканы барлық жерде – егер екі немесе одан да көп адам бірге жүрсе, көшеде де кию керек екенін еске салды.

 

"Әрине, қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға тәртіпті сақтамаса әкімшілік айыппұл салынатынын ескертемін. Ең алдымен бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін қажет. Масканы көшеде кию керек. Егер адам көшеде жалғыз жүрсе, маска тақпаса болады", - деп мәлімдеді Беркімбаева.

 

Бас санитар дәрігер медициналық бетперде кию талабын елемегендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 83 340 теңге айыппұл салынатынын ескертті.

 

Сондай-ақ Беркімбаева ақтөбеліктерден бетпердені дұрыс тағуды өтінді: иекке тақпаңыздар, ол ауыз бен мұрынды толығымен жабуы тиіс. Ал бір реттік масканы әр екі сағат сайын ауыстырып отыру керек.

 

"Бірақ шенеуніктердің ешқайсысы халыққа санитарлық нормаларға сәйкес масканы ауыстыру үшін қайдан ақша табу керектігін түсіндірмейді. Кейбір ақтөбеліктер бір рет қолданылатын масканы бірнеше күн киіп жүретінін айтады, ал жаңасын сатып алуға ақша жоқ. Айтпақшы, карантин аяқталғаннан кейін, бір реттік масканы кию талабы қалады", - деп жазды газет.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30