Қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берді

04 қазан 2022, 14:27

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан азаматтығын алуға бар болғаны 68 ​​өтініш түскен. Азаматтық алудың белгілі бір процедуралары бар, олар сол арқылы өтеді", - деді Ахметжанов.

 

Сондай-ақ, министрге Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктивті топтарда бар жоғын ажырататын сынақтан өткізе ме деген сұрақ қойылды.

 

"Әрине, барлығы бақылауда. Егер мұндай жағдайлар болса, тиісті шаралар қолданылады", - деп жауап берді ол.