Мәселе

«Қаншама адам қайтыс болды»: Мұрат Әбенов дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді табу керектігін айтты

  • «Қаншама адам қайтыс болды»: Мұрат Әбенов дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді табу керектігін айтты

    «Қаншама адам қайтыс болды»: Мұрат Әбенов дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлілерді табу керектігін айтты

Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл іске құзырлы органдар араласу қажет.
Президенттің кеңейтілген отырыста айтқан дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шешімдері жайлы Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды 
Strategy2050.kz.

Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл іске құзырлы органдар араласу қажет.

"Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлі қор басшыларын жұмыстан шығару аздық етеді. Қаншама адам қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Комитеті мен Бас Прокуратурасы бұл істі қарау керек", - деп жазды қоғам белсендісі.

Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмек мәселесімен Президенттің өзі тікелей айналысып жатқаны өте маңызды.

"Біріншіден, Денсаулық сақтау саласы дәрі-дәрмек тапшылығын қолдан жасау арқылы үлкен трагедяларға жол берді. Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала дәрі-дәрмек тізімін қарастырудың орнына «СҚ Фармацияға» тапсырып қойды. Елдегі дәрі-дәрмекті сатып алу тек бір ғана ұйым арқылы жүргізілді. Нәтижесінде дәріхана сөрелерінен дәрілер жоқ болды. Президент осы мәселені көтеріп, осы мәселеге жауапты қор басшыларын жұмыстан босатып, тексеруді тапсырғаны дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді М.Әбенов. 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31