Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталды - Бас прокуратура

01 тамыз 2022, 16:29

Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамның сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Нұрлыбек Сәбитовтің дерегінше, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеулер бар.

"Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруда", – деп қосты ол..