Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қаңтар" трагедиясының символы: Басына оқ тиіп, өлім аузынан қалған Берік Әбішев ауруханадан шығарылды

24 шілде 2022, 18:12

“Қаңтар” оқиғалары кезінде басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған Берік Әбішев ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қоғам белсендісі Болат Әбілов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Әбішев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қолында мемлекеттік туды ұстап жүрген еді. Әбіловтың хабарлауынша, оған 19 шілдеде түрік нейрохирургы шұғыл операция жасаған. 

“Операция сәтті өтті. Қазір оңалту кезеңі, дәрігерлер сауығу процесі басталғанын айтады. Берік туыстарымен бірге бүгін жақсы көңіл-күймен үйге қайтты, ол бәріне ашық-жарқын жауап беріп, мені "ағатай" деп атады. Біз оның тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды қоғам белсендісі. 

Оның сөзінше, Берік Әбішевке бұған дейін бір ота жасалған, ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан. 

“Ғаламторда Беріктің Қазақстан туымен оқ астында жүрген суреті тарап кетті. Берік Әбішев “қаңтар” трагедиясының символына айналды”, – деп жазды Әбілов.