Мәселе

Қапшағайда қорқынышқа толы үйдің тұрғындары көмек сұрайды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қапшағайдағы сегіз отбасы ешқандай құжаты жоқ жатақханада тұрып жатыр. Қаланың іргетасы қаланғанда тұрғызылған ғимараттың ағаштары шіри бастаған. Шатыры да шұрық тесік.

 

Гүлмира Құрманәлиеваның сыз тартқан үйде мүгедек жолдасымен бірге тұрып жатқанына жиырма жылға жуықтаған. Аядай екі бөлмеде балалары ер жетті. Енді немерелері де өсіп жатыр. Отбасы апатты үйде үреймен өмір сүріп келеді екен.

 

Гүлмира Құрманәлиева, Қапшағай қаласының тұрғыны:

 

– Немерелерімді уайымдап, қорқатын болдым, бала ғой қанша дегенмен. Мына үй тоқтан кетіп қала ма деп отырамыз. Қабырға, төбелердің бәрі түсіп жатыр.Кішкене иіс шықса, коридорға шығамыз. Біріміздің есігімізді біріміз иіскеп жүреміз. Міне, осылай өмір сүріп жатырмыз.

 

Тұрғындар, әсіресе, күн суытып, қыс түскенде қиналып қалады. Ортақ пеш болмағандықтан, әр отбасы бөлмелерін электр құрылғыларымен жылытады.

 

Динара Саулықбаева, Қапшағай қаласының тұрғыны:

 

– Светке айына аз дегенде 28-29 мың теңге төлеймін. Көп дегенде 39 мыңға дейін барады. Себебі менде екі бөлме. Менің кішкентай екі балам бар. Оларды жауратып отыра алмаймын.

 

Анаргүл Башиева, Қапшағай қаласының тұрғыны:

 

– Қыстыгүнгі жылу мәселесі өте қиын, барлық үй қосқаннан кейін, нагрузка күшейіп кетеді. Кешке жақын свет өшіп қалады.

 

Екі қабатты жатақхана екі мыңыншы жылдары әлеуметтік санаттағыларға уақытша тұру үшін берілген. Басқа барар жері болмағандықтан, тұрғындар оны тұрғылықты баспана етіп алыпты.

 

Сүрілуі тиіс ғимараттың ешқандай құжаты жоқ. Сондықтан мұндағылар тіркеуге де тұра алмайды.

 

Көмек сұрағандардың мәселесін әкімдік өкілдері шешіп береміз деп отыр. 

 

Марлан Жолдахмет, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

 

– Сегіз отбасы тұрады.Оның бесеуі үй беру кезегінде тұр. Бесеуінің екеуі «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім тапсырған. Одан бөлек қалған жанұялар бойынша меценаттар жағынан баспана беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Өзіміз бос тұрған ғимараттарды сатып алып, реконструкция жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Соның қорытындысы бойынша баспана мәселесін шешетін боламыз. Қазір тұрғындарға ешкімді баспанасыз қалдырмайтынымызды айттық.

 

Қапшағайда апатты деп танылған 30 үй бар. Қалалық әкімдік биыл ескірген екі үйдің тұрғындарын жаңа пәтерге қоныстандырған.

 

Енді олардың бұрынғы баспанасы бұзылып, орнына көпқабатты зәулім ғимарат салынатын болады.

 

 

24.kz




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 08:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30