Мәселе

Қапшағайда соққыға жығылған оқушылардың ата-аналары әділдік іздеуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қапшағайда 8-9 сынып оқушыларының ата-аналары балаларын белгісіз біреулер азаптап, оларға оқ атып, белдікпен ұрып-соқты деп шағымдануда. Оқушылардың сөзінше, оларды дала заңымен аяусыз жазалағандар тіпті арыз жаздырған. Ол жерде балаларға бір жыл бойы темір-терсек орналасқан аймақтан темір ұрладық деп жазуды міндеттепті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Төрт оқушыны белгісіз адамдардың аяусыз сабағаны сонша, балалардың денелерінде белдіктің ізі тайға таңба басқандай қалған. Таяқтың астында қалған оқушылардың сөзінше, оларды көлік қозғалтқышының резеңке белдігімен соққан. Тіпті, ұрлық жасағандарын мойындамаса алабай итке азық ретінде береміз деп қорқытыпты.

 

Ал полицияның берген ақпаратына сәйкес, қазір төрт оқушы өндірістік базадағы автобөлшектер мен түрлі темір-терсектерді ұрлады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Қазір осы фактіге орай қылмыстық істің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

«Қапшағай қаласындағы өндірістік базалардың бірінде автобөлшектер мен түрлі темір-терсектерді ұрлау фактісі бойынша 2004-2005 жылы туған 4 жасөспірім күдіке ілініп отыр. Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігімен) қылмыстық іс тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында бұл жеткіншектердің қылмысқа бірнеше рет барғаны, баруға әрекеттенгені белгілі болды. Соңғы әрекеттерінде оларды база қызметкерлері қылмыс үстінде байқап, ұстап, құрықтаған. Күдіктілер өздерінің әке-шешелерінің қатысуымен сұрауға алынды, олар бар кінәларын бірден мойындады», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ақбота Әзірбек.

 

Ал ай-күннің аманында балаларымыздан айырылып қала жаздадық деген ата-аналар бұл істе құзырлы орган біржақтылық танытпаса деп сұрайды. Себебі, ешкімнің де біреудің баласын дала заңымен жазалауға құқы да, қақысы да жоқ деп отыр.

 

«Мен Үкімет басындағылардан, барлық құзырлы мекеменің басшылығынан бұл істі қатаң бақылауға алуды өтінемін. Балаларымызды азаптап, қинап, ұрып-соққандар жазасыз қалмауын өтінемін», - деді жәбір көрген оқушы баланың ата-анасының бірі Алексей Раткеев.

 

Бірақ, балаларды нақты кімнің ұрғаны белгісіз. Оқушылар олардың түрлерін өмір бойына естеріне сақтап қалғандарын айтады. Қазір ата-аналар балаларын белгісіз біреулердің қинап, ұрып-соғып азаптағаны үшін полицияға арыз түсіріп, әділ тергелуін тілеп отыр.

 

 

 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 21:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30