«Қар жауады»: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 сәуір 2022, 11:06

Республика бойынша найзағай, желдің күшеюі, найзағай, батыста – тұман, оңтүстікте – дауыл, бұршақ күтіледі.

Қазгидромет 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын, ал шығысында жауын қарға ұласуы мүмкін. 

Солтүстік-батыстың оңтүстік жартысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарына қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың солтүстігінде антициклон жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. 

Республика бойынша найзағай, желдің күшеюі, найзағай, батыста – тұман, оңтүстікте – дауыл, бұршақ күтіледі. 

Ақмола, Павлодар облыстарының оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының түнде солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз басым бөлігінде найзағай, таулы, тау бөктерлі аудандарында бұршақ, дауыл, найзағай кезінде желдің 17-22, Алакөл көлдері маңында екпіні 27 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан облысының басым бөлігінде найзағай, дауыл, таулы аудандарында бұршақ, солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің 17-22, тау асуларында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде Атырау облысының шығысы мен орталығында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде найзағай, дауыл соғады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі, солтүстігінде тұман болады. Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында найзағай, түнде батысы мен орталығында желдің 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Жамбыл облыстарында жауын, найзағай, бұршақ, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.