Мәселе

"Қара халыққа неге көмектеспейді?": Ашынған маңғыстаулықтар облыс әкімін өздері іздеп барды

  • "Қара халыққа неге көмектеспейді?": Ашынған маңғыстаулықтар облыс әкімін өздері іздеп барды

Жаздай қуаңшылықтың зардабын тартып, шығынға шаш етектен батқан Маңғыстау облысындағы шаруалар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевты өздері іздеп барған. Сөйтсе, аймақ басшысы кабинетінде болмай шықты. Әбден ашынған шаруалар мәселені әкімнің өзіне ғана жеткізетіндерін айтады. Жағдай бұлай жалғаса берсе өңірде аша тұяқ мал қалмайды деп дабыл қағып отыр шаруалар. Ал әкімнің орнына мал иелерінің шағымын тыңдаған ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы үкіметтен көмек беріліп жатыр деп міз баққан жоқ. Бұл жайында  31 арна "Информбюро" жаңалықтар бөлімі хабарлайды.

Қуаңшылықтан әбден қысылған шаруалар бүгін әкімі Нұрлан Ноғаевты әкімдікке өздері іздеп келген. Бірақ қорадағы малына азық таппай қиналған бір топ азамат бар шаруасын ысырып келгенде, Ноғаев мырза кабинетінде болмай шығады. Дегенмен шаруаларды ауылшаруашылығы басқармасының басшысы тыңдады. 

 
"Мен айттым ең болмаса қазіргі құнын 50-60 пайызға арзандатыңдаршы дедім жем мен шөптің құнын. Сен малды мен үшін бағып жүрген жоқсың деп алып, былай дейді. Ауғанстанға 58 мың тонна бидай жіберіп жатырмыз дегенді алға тартады. Мен айтамын "Ауған қазақ үшін соғысып жатыр ма?" - деп. Сонда Ауғанстанға сондай көмек жасап жатқанда мына өзіміздің қара халық қазақтың баласына неге көмек жасамасқа?", - дейді шаруа Әділбек Сағындық.

Мал баққан азаматтар Маңғыстау облысында төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс білдіргісі келген. Төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттен көмек берілсе, өңірдегі қалған мал басын аман алып қалуға болады дейді олар. Сонымен қатар құдық қазу, жайылым және шабындық жерлерді дұрыс игеруге көңіл бөлінсе деген де тілектері бар.

Одан бөлек, Маңғыстаудың жабы жылқысын және түйесін асыл тұқымды мал қатарына енгізіп, заңнамаларда көрсетілген түрлі көмектер берілсін деп отыр. 

“Мал азығы да шаруа қожалықтарында тапшы екенін көріп отырмыз. Мал азығы нашар болғандықтан малдың да күйі, құндылығы өте төмен. Бірақ оған қарамастан үкімет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Тап қазір әкім келе алады деп айта алмаймын. Әкімнің де жоспарланған шаралары бар", - дейді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қазбек Мәшімов.

Қазбек Тәшімов жуырда ғана облыстың ауылшаруашылығы басқармасына басшы болып тағайындалған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қысқы мал азығы үшін 68 мың тонна шөп, 30 мың тоннадан астам жем қоры дайын тұр.




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сенбі, 13.11.2021, 10:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31