Мәселе

Қара киім кигендер: Қазақстанда митингілер кезінде азаматтарды ұстаған кімдер

  • Қара киім кигендер: Қазақстанда митингілер кезінде азаматтарды ұстаған кімдер

    Қара киім кигендер: Қазақстанда митингілер кезінде азаматтарды ұстаған кімдер

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаева еліміздегі заңсыз митингілер кезінде азаматтарды қара түсті, айрықша белгілері жоқ киім киген адамдардың ұстағаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттінің тілшісі.  


«Тәртіп сақталуы үшін полиция, сонымен қатар Ұлттық ұлан қызметкерлері тартылды. Олар (қара түсті киім кигендер - ред.) қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс істейтін жылдам қимыл арнайы жасағының қызметкерлері еді. Біздің киімнің үш формасы бар. Олар түсі, белгілері бойынша ерекшеленеді», - дейді министр.


Сондай-ақ, журналистер айрықша белгілері жоқ кез келген адамның өзін арнайы жасақ қызметкерімен теңестіре алатын-алмайтынын сұрады.


«Жоқ, теңестіре алмайды. Себебі олардың біздің полицияның құрамында екенін көрдіңіздер. Яғни олар топта болды. Ол – біздің арнайы бөліміміз. Айрықша белгілері береттері, кепкаларында, қолындағы жапсырмаларда бар. Бөтен, азаматтық, қандайда бір басқа күштер болмады. Барлық жерде тәртіп сақтауға құқық қорғау органдарының, атап айтқанда полиция қызметкерлері қатысты», - дейді Тұрғымбаев.


Айта кетсек, бұған дейін министр еліміздегі рұқсат етілмеген митингілер кезінде шамамен 4 мың адамның ұсталғанын мәлімдеген еді.




Көрілген: 5411    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 20:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30