Қарағанды облыстық сотының судьясы өткізген тойға кінәлі ағасы болып шықты
Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтың анасының құрметіне өткен тойды ұйымдастырған оның ағасы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қаладағы "Рубин" мейрамханасындағы той судья Естай Исабековтың анасының құрметіне өткенін мәлімдеді. 
 
"Материалды қарау барысында азамат Исабеков тексеру нәтижелерімен танысу және "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдеу үшін басқармаға шақырылды. Исабековтың 12.02.2021 жылғы жазбаша өтінішіне сәйкес іс-шараны ұйымдастырушы оның ағасы А.Р. Исабеков болды", - деді ведомствода.
Судьяның ағасы кінәсін мойындаған, оған айыппұл салынған.
Ал Естай Исабеков тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оның жұмыс орнына хат жіберілген.
Басқарманың мәліметінше, тойға қатысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Оған сол кездегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлердің қаулы себеп болған.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түскен бейнеролик таралды. Ол анасының мерейтойын қаланың танымал мейрамханаларының бірінде өткізген. Видеода судья тексерушілерден шу көтермеуін сұрайды. Сондай-ақ, ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратура қызметкерлері жүргенін айтады.