Мәселе

Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапқан

  • http://kkoop.ru/

    http://kkoop.ru/

Аймақ прокуратурасында жарақаттану туралы қылмыстық істерді тергеудегі заңдылықтың жай-күйі (2020 жыл және 2021 жылдың 6 айы бойынша), сондай-ақ олардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігі қаралды.

 

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы, сонымен бірге облыстың басқа да мемлекеттік органдары қатысты.

 

Аймақтың өнеркәсіптік екені атап өтілді. Мұнда халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігі жұмыс берушілер және бақылау органдарының бірінші кезектегі басты міндеті. Статистикаға сәйкес, өндірісте жарақат алудың 230-ға жуық фактісі, оның 22% немесе 50-і өлімге әкелген – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері, уәкілетті органдардың жұмысы талқыланды.

 

«Қауіпсіз еңбек» жобасы әзірленді, ол жосықсыз жұмыс берушілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға және еңбек жағдайларының лайықсыз болуына төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

Сонымен қатар, полиция органдарында қолданылып жатқан істерді тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар таныстырылды.

 

Сонымен бірге, жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарлануда.

 

 

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 1421    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 19:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30