Мәселе

Қарағанды облысында бірнеше ауыл халқы көшірілуі мүмкін

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қарағанды облысында су тасқынының қауіпті кезеңі енді басталады. Сондықтан құтқарушылар Самарқан су қоймасы маңындағы бірнеше ауыл жұртын эвакуациалауға дайын отыр. Онсыз да бір аптадан бері топан су өңірдегі бірнеше ауданды басқан.


Алдын ала дайындық шараларын жасадық дегенге қарамастан, қызыл су ауылдарды да айналып өтпеді. Абай және Шет ауданындарындағы ауылдарда 17 үйге су кірген. Бірнеше күнде ол ауылдардан су кетті. Бірақ сай-сала мен жазыққа жайылған сел тас жолдардан да асып жатыр.


Ендігі қауіп Қарағанды іргесіндегі Самарқан су қоймасында болып тұр. Бірнеше өзен құятын су қоймасы кемерінен асып кетпеу үшін қазір одан секундына 600 текше метр су ағызылып жатыр.


Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:


- Қазір бұдан ары қарай Нұра ауданына барады, сондықтан ең су тасқынына қауіпті жерлер Садовое, Чкалово, мына Самарқанд су қоймасының түбінде орналасқан жерлер ғой. Бірақ қоршаған жалдар бар бөгеттер бар. Жылда су алып кететін ауылдарды біз қорғап сақтап отырмыз.


 ktk.kz




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 22:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31