Мәселе

Қарағанды облысында бірнеше өзен арнасынан асып, елді мекендерді су басты

  • Қарағанды облысы, Қызылқой ауылы. 30 наурыз, 2019 жыл. Сурет блоггер Айсұлтан Жақыповтың Facebook-тағы парақшасынан алынған.

    Қарағанды облысы, Қызылқой ауылы. 30 наурыз, 2019 жыл. Сурет блоггер Айсұлтан Жақыповтың Facebook-тағы парақшасынан алынған.

Қардың тез еруіне байланысты Қарағанды облысындағы Шет, Бұқар жырау, Абай, Осакаров және Нұра ауданындағы Шерубайнұра, Нұра, Құндызды өзені арнасынан асып, айналасына жайылған.


Наурыздың 30-ы күні түстен кейін Бұқар жырау ауданындағы Сарытөбе ауылына су кіре бастағаны туралы хабар жетті.


“Ауылымызға су келді, бұрылыста ағып жатыр, кейбір аулалардың ішіне кіріп те үлгерген. Бірнеше үйді су басуға аз қалды. Адамдарды қауіптен құтқару үшін қандай шаралар қолданады – әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнына полиция келді” деді Азаттыққа Сарытөбе ауылының тұрғыны Игорь Скурихин.


"Қарағанды Онлайн" сайты Facebook-тағы парақшасында Қарағандыдағы Федоров су қоймасы маңындағы саяжайларды да су басқаны туралы видео жариялады.


Шет ауданындағы Қызылқой ауылында кеше 9 үйді су басып қалған. Ресми дерек бойынша,16 адам эвакуацияланған. Олар туған-туыстарының үйін паналаған.


Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент дерегі бойынша, қазір онда су бөгейтін қабырғаны мықтылап бекіту мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Бұған қоса Талды өзенінің арнасын мамандар бақылауға алған. Тұрғындарды сақ болуға шақырған.


Қарағанды облысындағы Шет, Бұқар жырау, Абай, Осакаров және Нұра ауданында соңғы жылдары су тасқыны жиілеген. Оның зардабын көрген кейбір тұрғындар Азаттық тілшісіне биыл селге алдын ала дайындалып, су келіп қалған жағдайда тез кетіп қалатындай құжаттары мен құнды заттарын әзірлеп қойғанын айтты. Кейбірі тұрғындар үйлерін тастап та кеткен немесе балаларын алыстағы туған-туысқандарына апарып қойған.


“Қабылданған шаралардың көмегімен Жаңаарқа ауданының Орынбай және Атасу елді мекендеріндегі және Абай ауданының Құлайғыр ауылындағы су деңгейі толығымен төмендеді. Сонымен бірге Шет ауданының Көктенкөл станциясында су деңгейінің төмендегені байқалады" делінген облыстық төтенше жағдай департаментінің таратқан хабарламасында.


www.azattyq.org




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.03.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31