Қарағанды облысында кәріз суын өзенге ағызған (видео)
Жаңаарқа ауданының тұрғындары Сарысу өзеніне кәріз суының қалай ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Видео авторлары енді өзен суына шомылу мен онда ұсталған балықта жеудің қауіпті болуы мүмкін екеніне алаңдады.
 
 
Жаңаарқа ауданының әкімдігіндегілер жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қалдық суды тазарту станцияна ағызатын магистральда ақау шығу салдарынан кәріз суы өзенге ағып кеткен. Ақау 11 ақпанда болған. Қазір бұл магистраль арқылы қалдық шығарылмайды. Кәріз суы басқа құбырлар арқылы шығарылып жатыр.
 
"Арнайы комиссия құрылды, ол ақаудың орнын тексерді және анықтады. Енді қаражат бөлу мәселесі қаралады. Көктемде бұл құбыр толығымен жөнделеді. Қазір ешқандай қауіп жоқ, кәріз суы енді өзенге ағызылмайды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.