Мәселе

Қарағандыда қиын жасөспірімдерге арналған жалғыз мектеп жабылу алдында тұр

  • Қарағандыда қиын жасөспірімдерге арналған жалғыз мектеп жабылу алдында тұр

    Қарағандыда қиын жасөспірімдерге арналған жалғыз мектеп жабылу алдында тұр

Қарағанды облысында қиын жасөспірімдерге арналған жалғыз мектеп жабылу алдында тұр. Сот шешімімен ол жерге заң бұзған кәмелетке толмағандар, оқудан жалтарғандар, сондай-ақ үйден қашып кеткендер мен есірткі саудалаған балалар жіберіледі. Алайда қазір интернаттың 44 қызметкері жалғыз баланың ғана тәрбиесімен айналысуда. Бұған не себеп? Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Артем (есімі өзгертілген) – Керней ауылындағы ауыспалы мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатының жалғыз тәрбиеленушісі. Ол мұнда Қостанай облысынан жіберілген. Жаз айында мектепте алты оқушы болса, қазір тек біреуі ғана қалған. Ал мұғалімдердің сөздерінше елімізде тәрбиесі қиын балалардың саны азаймаған.

 
"Балалар ешқайда жоғалмаған, алайда неліктен бізге жібермейтіні беймәлім болып отыр. Ресми түрде біз жұмыс жасап отырмыз. Бізде ескерту де, хабарлама да ешнәрсе жоқ. Жай ғана балаларды жібермейді", – дейді №11 мектеп-интернатының директоры Шалқар Жұманбаев.

Интернатта бірнеше оқу корпустары бар, жатақханалар, спорт залы, тренажер залы, шеберханалар, 700 га жер мен жылыжайлармен қамтылған. Мұғалімдердің тәрбиеленушілермен бірге мал бағып, бақша дақылдарымен айналысқаны екі бірдей артықшылық берген – олар балалардың еңбексүйгіштігі мен үстелде тек табиғи өнімдер тұратыны. Жасөспірімдер бірнеше мамандық бойынша білім алған. Өткен жылдың өзінде мұнда 19 миллион теңгеге жаңа қазандық салынған. Мектепті ұстауға жылына 140 миллион теңге жұмсалады. Бірақ маусым айында білім саласының қызметкерлері мұғалімдерге басқа жұмыс іздей беруді ескерткен.

"Мен жұмыссыз қаламын. Менің екі студент балам бар. Жұмыс мектепте де, әкімдікте де ешжерде жоқ", - деп шағымданады орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалия Шулаева.

Бұған дейін мектепте 11 жастан 18 жасқа дейінгі 127 бала болған. Соңғы жылдары мектеп ішінің жартысы қайта жобаланған, соған қарамастан мекеме 60 жасөспірімді қабылдауға дайын. Алайда көктемде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа білім бөлімінен арнайы мектептің жабылғаны туралы хат келіп түскен. Сондықтан сот қиын жасөспірімдерді басқа аймақтардағы мектептерге жөнелте бастаған.

"Жалпы республикада құқық қорғау жүйесін, сот жүйесін ізгілендіру процесі әлі де жүріп жатыр. Және қазір ең бастысы, баланың отбасында ата-ананың қатысуымен тәрбиеленуі", - деп түсіндірді Қарағанды облысы білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және қамқоршылық бөлімінің бастығы Алма Қаңтарбаева.

Бұл мәселеге пандемия да өз салдарын тигізген. Карантин уақытында балалардың үйден қашуы азайған дейді білім басқармасы. Осылайша егер өткен жылы сот облыстың түкпір-түкпірінен арнайы мектептерге 13 жасөспірімді жіберсе, қазір мұндай шешімдер жоқ. 

Қазіргі таңда елде мұндай сегіз мекеме бар, бірақ билік екі мектепті ғана жабуды қарастыруда. Керней ауылының 13 мұғалімі басқа жұмыстарға орналасқан. Қалған 44 жұмысшыға көрші елді-мекендер мен Қарағандыға жұмысқа орналасуды ұсынуда, алайда Керней ауылы алыс және облыс орталығына дейін кем дегенде 100 шақырым жүру қажет. Адамдар мұндай ұзақ қашықтыққа күнделікті бара алмайды. Мектеп ғимаратының тағдыры да қалай шешілетіні белгісіз күйде қалып отыр.




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31