Мәселе

Қарағандыда судья түсіп қалған видеоға қатысты тың ақпарат шықты

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қарағанды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы желіде тараған той видеосына қатысты түсініктеме берді. Кадрде судья Естай Исабеков көзге түскен болатын.

 

Ведомствоның хабарлауынша, жиынды Исабековтың бауыры өткізген.

 

"Естай Исабековтың 2021 жылдың 12 ақпанындағы жазбаша арызына сәйкес, тойды туысы А.Исабеков ұйымдастырған. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес, айыппұл тағайындалды. Жеке тұлғалар үшін айыппұл сомасы 30 айлық есептік көрсеткіш шамасында (87 510 теңге)", &ndash деді ведомствода.

 

 

Сондай-ақ, карантин талабын бұзғандардың жұмыс орнына тәртіптік жазаға тарту жөніндегі хат жолданды.

 

Еске сала кетсек, мобильді топ мүшелері отбасылық мерекенің үстінен түскен. Видеода Исабеков тексерушілермен "сен" деп сөйлесіп тұр, полицейден кім екенін білу үшін маскасын шешуді талап етеді, сонымен қатар мейрамханада прокурорлар да демалып жатқанын айтқан.

 

Видео бір ай бұрын түсірілген болып шықты, бірақ осы уақыттың ішінде мобильді топтар бұл туралы тіс жармаған.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 705    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28