Мәселе

Қарағандылық депута күзетшісін соққыға жығып, көлігін қиратқан

  • https://zhasalash.kz

    https://zhasalash.kz

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт ДОСЖАНОВ Бақтияр ҚАМЗИН есімді азаматқа қол көтерді деген шағым түсті. 26 жастағы жігіт қалалық маслихат депутаты әрі «Строй март» сауда үйінің бас директоры Бейбіт Досжановтың зәулім үйінің аймағын күзетеді екен. Бұл туралы өңірдегі zhasalash.kz тілшісі хабарлайды.


Күзетші түнде өзін жайсыз сезінгендіктен ұйықтап қалыпты. Ол түн ортасында өзіне тиген соққыдан оянғанын айтады.


«Мен қатты айқайдан және басымнан тиген соққыдан шошып ояндым. Депутат маған «жұмыс уақытында ұйықтап жатырсың» деп кіжінді. Мен еңбек режимін бұзғаным үшін кешірім сұрадым. Әрі аумақты толық қамтып тұратын бейне бақылау камерасының тұрғанын, айтарлықтай ештеңенің болмағанын түсіндірдім. Ол мені түсінгісі келмей ұра берді. Маған жұмыс беріп отырған адам әрі үлкен кісі болғандықтан оған қарсы келе алмадым. Депутат мені бірнеше рет ұрып, үйдің қақпасынан әрі шығарып жіберіп есікті жауып алды»,-деп мәлімдейді күзетші Бақтияр Қамзин.


Қалалық маслихат депутатынан зәбір көрген күзетші таң атқанша бір қабат киіммен далада тұрған. Ұялы телефоны іште қалғандықтан жақындарына хабарласа алмапты. Таңертең ауысымға келген екінші күзетшімен үй аумағына кіргенде қақпа ішінде қалып қойған көлігінің артқы терезесінің сынғанын аңғарған. Сондай-ақ көліктің басқа тұсында майысқан жерлерде болыпты.



Күзетшінің әкесінің айтуынша, қалалық маслихат депутаты әлі өзінің бұл қылығына кешірім сұрамаған.


«Егер күзетші жұмыста ұйықтап қалса ,таяқтың астына алудан басқа жаза бар ғой. Тіпті болмаса жұмыстан шығарып жіберсін. Менің баламды ұруға және оның жеке мүлкін құртуға депутаттың құқы жоқ»,-дейді күзетшінің әкесі Төлеген ҚАМЗИН.


Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш фактіге қатысты өздеріне шағымның түскенін мәлімдеді.


«Күзетшінің 54 жастағы әкесі баласын біреулердің соққыға жыққанын айтып арыз жазды. Бүгінде бұл фактіге қатысты тиісті сараптама тағайындалды. Тексеріс жұмыстарына сай процессуалдық шешім қабылданатын болады»,-деп мәлімдеді Полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.


 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 11:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30