Мәселе

Қарағандының 3 ауданында дала өртке оранды

  • Қарағандының 3 ауданында дала өртке оранды

    Қарағандының 3 ауданында дала өртке оранды

2 тамызда Бұқар жырау ауданында Новостройка ауылынан шығысқа қарай 10 шақырым қашықтықта 45 гектар аумақта құрғақ шөп жанды.

Қарағанды облысында Қарқаралы, Ақтоғай және Осакаровка аудандарында далада өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.


2 тамызда Бұқар жырау ауданында Новостройка ауылынан шығысқа қарай 10 шақырым қашықтықта 45 гектар аумақта құрғақ шөп жанды. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшелері (25 қызметкер мен 5 техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (22 қызметкер мен 15 техника) жұмылдырылды.


Өрт техника кіре алмайтын жерде шыққан. Ұсақ шоқылар мен бұталар өрт сөндіруге кедергі келтірсе, жел мен құрғақ шөп салдарынан тілсіз жау тез тараған. Өрт сөндірушілер бірнеше шақырым жерге барып су әкелуге мәжбүр болған.


Далалық өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдар жауапты болса да, ТЖД бөлімдері шалғайдағы аудандарға көмектесуге барып жатыр.


Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Қарқаралы, Ақтоғай және Осакаровка аудандарында далалық өрт шығып жатыр. Өрттің барлығына ТЖД күштері тартылды. Жыл басынан бері облыста 241 далалық өрт тіркелсе, оның ішінде 187-і ТЖД бөлімдерінің қатысуымен сөндірілді.


Өрт 7 мың гектар аумақты шарпыған. Көп жағдайда табиғи өрт адамдардың абайсыздығынан: сөндірілмеген оттан, темекі тұқылынан, қоқысты өртеуден, ескі шөптен, күн түсетін жерге тасталған шыны қалдығынан және тағы басқа себептерге байланысты шығады. Сондықтан, ормандар мен далалық жерлерде жауын-шашын жоқ кезде отты абайлап қолданған жөн. 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.08.2019, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31