Мәселе

Карантин: Дене қызуы көтеріліп тұрған жолаушылар Алматыға кіре алмайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова карантин режімінің талаптарын нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Алматы шекарасының периметрі бойынша орналасқан блок посттарда санитарлық эпидемиологиялық қызметтің мамандары да жұмыс істейтін болады. Олардың міндеті - науқас адамдарды тауып, оқшаулау. Ол үшін арнайы тепловизор құралдар пайдаланылады. Тепловизорлардың саны бүгінде жеткілікті. Қалаға кіретін көліктегі жолаушылардың қызуы көтеріліп тұрған болса, кіруіне тыйым салынады», - деді Әсел Халықова.

 

Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режімі енгізілді. Алматыда азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп шығын шектеу үшін 27 блок пост орнатылады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, карантин қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

 

«Төтенше жағдай кезінде барлығымыз бірігуіміз керек. Бұл жағдайда әр азаматтың тәртібі мен ой-санасы өте маңызды. Мұндай қиындықтан бізді тек бірлігіміз бен бір-бірімізге қолдауымыз, тәртіп сақтау арқылы ғана шыға аламыз. Біз қиындықты жеңеміз», - деді ол.

 




Көрілген: 169    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31