Мәселе

Карантин кезінде ауылдардың өзінде ажырасушылар көбейген

  • Карантин кезінде ауылдардың өзінде ажырасушылар көбейген

    Карантин кезінде ауылдардың өзінде ажырасушылар көбейген

Ажырасуға басты себептердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық дерегі Ақтөбеде екі есе артқан.
Ауылда да некелесетіндер азайып, ажырасатындардың саны артқан. Биыл 41 мың неке қиылса, оның 16 мыңға жуығы ажырасып тынған. 2018 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 15 пайызға жоғары, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Ал қалада ажырасу бойынша 44 мың дерек тіркелген. Жылдық өсім – 7,2 пайыз. Жалпы, ел аумағында 3 айда 139 мың неке қиылған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысына тиесілі. Үштікті Түркістан облысы қорытындылайды.

Ажырасу көрсеткіші бойынша да Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Олардың қатарын Қарағанды облысы қорытындылайды.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, ажырасуға басты себептердің бірі –отбасылық зорлық-зомбылық дерегі Ақтөбеде екі есе артқан. Тіпті, бір келіншекті күйеуі 7 баласымен үйден қуып шықса, келесі бір азамат келіншегінің басын жарып, аяғын сындырған. Қазір өңірдегі дағдарыс орталығында өз отбасында қорлық көрген 36 адам жатыр. Орталықтағылар қосымша бөлімдер ашуға мәжбүр болған.

«Көбіне әйелді сабаған, аяғын сындырған, қол жұмсап, басын жарғандар болды. Арасында, тіпті, өз баласын ұрғандар бар. Карантин уақытында көбейіп кетті. Екі есеге көбейді», - дейді «Малика» дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкері Гүлсана Балғабаева. 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.05.2020, 12:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30