Мәселе

Карантин кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

  • http://ernur.kz/

    http://ernur.kz/

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар ТЖ режимі кезеңінде белгіленген жұмыс тәртібіне көшеді (ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді). Олар онлайн алуға болатын қызметтерді көрсетпейді. Төлқұжат пен жеке куәлік, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. қызмет түрлері ұсынылады.

 

Ал қызметтердің қалған 80 пайызын онлайн алуға болады. Біз, сондай-ақ, 1414 колл-орталығының жұмысын күшейттік. ХҚКО қызметкерлері Сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді қашықтан өз бетінше алуға көмектеседі. Аса қажет болмаса ХҚКО-ға баруды кейінге қалдырғаныңыз жөн", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

 

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз деді министр.

 

Айта кетейік, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.

 

Соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Алматыда - 19 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам.

 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30