Мәселе

Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

  • Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

    Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперде тағу режимін бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жыл басынан бері карантин талаптарын айрықша көп бұзған өңірлерді атады, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына қатысты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, 2021 жылғы 1 қаңтары мен 5 мамыры аралығында мониторингтік топтар 76 995 рейд жүргізіп, 481 280 нысанды тексеріп шыққан.

Тексеру нәтижесінде 14 198 (2,9%) заңбұзушылық анықталды.

«Карантин талаптарын бұзу деректерінің басым көпшілігі мына өңірлерде: Шығыс Қазақстан облысы (3 538), Түркістан (2 198) облысы, Алматы қаласы (1 996), Шымкент қаласы (1 596) және Алматы облысында (955) тіркелген», — делінген комитет хабарламасында.
Мониторинг барысында анықталатын негізгі заңбұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу және т.б.

«Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу деректерін анықтау бойынша мониторингтік бақылау топтары мынадай шаралар қабылдады: 2 502 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 2 292 нұсқама берілді, 268 материал сотқа жолданды, 70 объектінің қызметі тоқтатылды. Нәтижесінде 8 147 кәсіпкерлік нысан мен 6 371 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,114 млрд теңгеден астам айыппұл салынды», — делінген хабарламада.
Айта кету керек, азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру режимін бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

сенбі, 08.05.2021, 19:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30