Карантин талаптарына бағынбаған қазақстандықтардың есімін жариялау заңға қайшы емес пе? Әділет министрлігі жауап берді

03 тамыз 2021, 22:20

ҚР әділет министрлігі Ashyq жүйесінде “қызыл” статусы бол тұра қалада қыдырып жүретін тұрғындардың есімін жариялау заңға қайшы келмей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ескере кетерлік жайт, тек құқық бұзушылыққа жол беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар жайлы ақпарат жарияланады. Бұл тұрғыда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, заңнамада белгіленген кейбір жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер ашық түрде жүргізіледі”, – деп атап өтті министрлік өкілдері. 

 
Ведомство өкілдері азаматтардың есімі соттан кейін “Төрелік” сайтында жария болатынын алға тартты. 


"Құқығы бұзылғаны үшін 10 миллион теңгеге дейін талап ете алады": Карантинге бағынбаған қазақстандықтардың есімін жариялау заңға қайшы емес пе?


Еске салсақ, бұған дейін Алматыда карантинге бағынбаған азаматтардың есімі БАҚ беттерінде жарияланған еді. Бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берген болатын. Оның сөзінше, тұрғындардың есімін жариялау заңға қайшы емес.