Мәселе

Карантинде еркектердің суициді көбейді

  • Карантинде еркектердің суициді көбейді

    Карантинде еркектердің суициді көбейді

Ресми мәліметке сүйенсек, бір ғана Тараз қала­сының өзінде былтыр 48 адам өз-өзіне қол салған екен. Ал биыл 43 дерек тір­­­­келген. Оның 36-сы ер адамдар. Осы орайда «не себепті еркек­тер суицидке бір табан жақын тұрады?» деген орынды сұрақ туады.
Мамандардың айтуынша, адамның өз-өзіне қол салған жеріне қарап, оның не себепті өмірімен қоштасқанын аңғаруға болады екен. Мысалы, бала үйінде суицид жасаса, отбасында кикілжің болуы мүмкін. Ал өлім орны мектеп болса, демек сыныптастарымен немесе ұстаздарының арасында келіс­пеушілік болған, әлде оқу үлгерімінде қиындықтар туындаған. Кейде адам алдына қойған мақсатына жете алма­ғанда өзіне қол салуға мәжбүр бола­тынын мамандар жиі алға тартады.

– Өз-өзіне қол салуға көбіне от­басылық жағдайдың төмендеуі, жұ­мыстан шығып қалған адамдар барады. Кейде ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген адамдар суицид жасайды. Статистикаға сүйенетін болсақ, өз-өзіне қол салу кейінгі кездері ер адам­дардың арасында көп кездесетін бол­ған. Нақты жасына келсек, өзін өлімге қиғандардың орташа жасы 18 бен 30 жас аралығын құрайды, – дейді Тараз қалалық Полиция басқармасының ресми өкілі, полицияның аға лейте­нанты Жанерке Әзімхан.
Ал әйел заты көп жағдайда жігіті алдап соққанда, арын таптағанда өзіне қол салады. Ал еркектерге не жорық? Не себепті кейінгі кездері еркектердің суициді көбейді?

– Бұған басты себеп – карантин. Әлемдік пандемия кезінде үйде оты­рып қалған еркек өзін қамауда жүр­гендей сезіне бастады. Еркек – еркін­дікті сүйетін жаратылыс. Атам заман­нан ер-азаматтар түзде жүрсе, әйел баласы ошақ қасында болды. Каран­тин, міне осы қалыптасқан табиғи заңдылықты бұзды. Үйде бала-шаға­ның қамымен жүретін әйел үшін ка­рантин сезілген жоқ. Себебі аналардың дені өмірін үйде, бала күтімімен өткізеді. Ал ер-азаматтар үй қабыр­ғасына сыймай, өзін керексіз сезіне бастады.
Ер-азаматтар үшін негізі күнде­лікті жаңалық, адреналин дүниелер керек. Ашуының басуын да олар содан табады. Ал үйде отырып қалған еркек ашушаң, сөз көтере алмайтын, не болса соған тисіп отыратын күйге түсті. Оны жайшылықта күйеуін кешкісін бір-ақ көретін әйелдердің дені көтере алмады. Содан үйде ұрыс шығып, соңы шаңырақ шайқалды. Әйел бала-шағаны алып төркінге кетсе, еркек өкпе мен ашуын арақпен жазды. Осылайша, жүйке күйзелісіне түскен ер-азаматтар өзін жалғыз сезі­ніп, соңы өз өмірін өлімге қиып жа­тады, – дейді психолог Ертай Жұмат.

Сонымен қатар маман карантин кезінде көп тіршілік тоқтағандықтан, халықтың дені қарызын қайтара алмай, бизнестері банкротқа ұшы­рағанын, бұл жағдайға түскен ерлер өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтты.

– Өйткені еркек еш уақытта көмек сұрай алмайды. Оған оның намысы жібермейді. Отбасына, жақындарына салмақ салғанша, басына түскен ауыртпалығын өзімен алып кеткісі келеді. Соңғы екі жылда көрсеткіштің күрт өсуі осымен байланысты деп ойлаймын, – дейді Ертай Жұмат.
Иә, карантин кезінде ерлердің үйге сыймай кеткенін бәріміздің кө­зіміз көрді. Тіпті, ішімдікке салынып, үйдің берекесін қашырып, соңы ажы­расып тынғандар туралы да естідік. Демек, әлемдік пандемияның жанға батқан кері тұсы – осы. Енді мұндай жағдайда не істемек керек? Еркек күй­зелісін қалай жеңуге болады?

– Бұл жердегі ең басты мәселе – ер-азаматты уайымымен жалғыз қал­дыр­мау керек. Төркінге балаларды алып қашқанша, әйелдерге ерлерінің қа­сында болғаны абзал. Одан бөлек, әкесіне балаларын жақындату қажет. Ол өзінің артта ұрпағы барын сезініп, өмірде жоғалтатын құнды дүниесін сезінгені абзал. Сондай-ақ серуендеуге көп шығып, туыстарымен де жиі тілдестірген жөн. Әйтпесе, өз-өзіне қол саламын деп бір бекінген адамды кері қайтару қиын. Егер ашуын арақ­тан алып жүрсе, оны да «бірден қой» деп талап етуге болмайды. Олай ет­сеңіз сіз күйеуіңізге жек көрінішті болып қаласыз. Ең бастысы, отағасын үйдің басшысы ретінде сездіріп, кө­ңілін тапқан абзал. Сонда ғана ер-азамат жаман ойдан арылады, – дейді психолог Ләззат Төлегенова.
Иә, шынында қазір еркектердің дені ашушаң. Болмайтын нәрсеге долданып, өз-өзімен терең ойға батып жүреді. Мұның себебін де, шешу жолын да психолог мамандар ұсынып отыр. Әрине, барлық еркек күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол салмақ болып жүр деуден аулақпыз. Алайда екі жылда көрсеткіштердің еселеп өскені жақсылық емес.

Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы

aikyn.kz




Көрілген: 614    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31