Бұған дейін белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан космомониторинг жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты кінәлап, қазіргі министр Ербол Қарашөкеев "сол құйтырқы әрекетті жалғастырып отыр" деген болатын. Ол осы жүйе істен шығып, соның салдарынан 2021 жылы бірде-бір гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмағанын мәлімдеген. Осыған байланысты Ulysmedia.kz порталының тілшісі осы мәселеге байланысты Ербол Қарашөкеевтің өзіне бірнеше сұрақ қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
“Олай емес (құйтырқылық жайлы). Біз жүйелі түрде жұмыс атқарып жатырмыз. Оны мен де оқыдым. Постты. 8,3 млн-ды да, 8,1 млн-ды да айтты. Космомониторинг толықтай енгізілді. Қазақстан ғарыш сапарымен бірге онымен “Қолдау” айналысады. Екеуінің мәліметтерін қосар болсақ, космомониторингтің ақпараты бойынша 40 млн гектардай жер пайдаланылмайтыны туралы деректер берілді. Ол деректерді біз қайта қарап, жекр инспекторларымызбен тексеру кезінде негізі ол мәліметтің көбі дәлелденбеді”, – деді министр.
Оның айтуынша, космотүсірілім сапасының төмендігінен, цифрландыру дұрыс болмағандықтан, 8,1 млн га жер – инспекторлардың тексеруі кезінде анықталған. Соның ішінде 2,6 млн гектар жердің қазір әлі шешілмеген. Қалғаны қайтарылған.
“2,6 гектар жерді сот арқылы шешіп жатырмыз. Өздеріңізге мәлім, былтыр жерді қайтару мерзімі қысқарды. Тиімді пайданылмаған жердің салық көлемі 10 еседен 20 есе көтерілді. Осы жылы кемінде 5 млн га жерді анықтаймыз деп отырмыз” – деді.
Ол сөз соңында Мұхтар Тайжанмен бетпе-бет кездесер ме едіңіз деген сұраққа “әрине” деп жауап берді.