Мәселе

Қаржы пирамидаларына алданғандар Президенттен көмек сұрайды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

«Наразылықты тоқтатпаймыз». Алматыда «Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард» және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларына алданғандар тағы да арызын айтуға жиналды. Қолына плакат ұстап шыққан тұрғындар «миллиардтаған қаражат кері қайтпай қала ма?» деп қауіптенеді.

 

Себебі, әлі күнге дейін ешкімге соқыр тиын қайтарылмады деген жәбірленушілер мыңдаған адамның тағдырына енді президент араша түссе деп сұрайды.

 

Ақкенже Ғұмарова, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Салғам сомам 3 миллион теңге. Оны банктен несиеге алдым. Отбасым, әпкелерім, апам, ата-анам тағы басқа достарым бәрі осы компанияға ақша салды. Кім бұл компанияға екі жыл бойы жұмыс істеуге рұқсат берді?!  Мемлекет берді. Енді солай бізге де көмектессін. Қалай рұқсат берді, осы алаяқтарға, тура солай көмектессін.

 

Бір қызығы, Махатма Ганди атындағы саябаққа келген шағымданушылардан гөрі, оларды телефонға түсіріп алыстан бақылаған белгісіз адамдардың қарасы көп.

 

Ал саябаққа жиналғандар қаржы пирамидасына бар жиған-тергенін салып, соңынан опық жеген көпшіліктің теңіздегі тамшыдай бір бөлігі ғана.

 

Өйткені жыл басында бар былығы әшкере болған атышулы компаниядан зардап шеккендердің саны 17 мыңнан асып кеткен.

 

Шығын көлемі &ndash 20 миллиард теңге.

 

«Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард», «Выгодный займ» және «Нур-Али Капитал» серіктестіктерінің басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткен айда аяқталды.

 

Барлығы 50 адам күдікке ілінсе, соның 33-і соттың санкциясымен қамалған. Қалған бес күдікті үй қамағына алынса, 12 адам ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандықта жүр.

 

Нұрділдә Ораз, ІІМ ресми өкілі:

 

 - Бұдан басқа 6 күдіктіге іздеуге жарияланып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған барлық азамат қылмыстық іс материалдарымен танысуға  Ақтөбе қаласы Жұбановтар көшесі, 271А, мекенжайы бойынша Ақтөбе облысы ПД-не жұмыс күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге  дейін келе алады.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1811    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28